×

Астана халықаралық әуежайынан өрт шықты

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті

 Дәурен Ерболат 27.02.2024 | 09:05
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдан өрт шықты, деп хабарлады қалалық ТЖД.

Бүгін сағат 08:03-те өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 119 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыруға шықты.

Бірінші қабатта Т-1 және Т-2 терминалдары арасындағы электр қалқанында 15 шаршы мерт болатын алаңда электр кабелі жанған. Өрт сағат 08:24-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына 76 маман мен 18 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама