×

Астанада 40 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші анықталды

Ұсталған сәтте оған көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тағы айыппұл салынған

 Еркеғали Болатұлы 26.02.2024 | 17:50
фото: Halyq Uni

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мамандандырылған батальон полицейлері Subaru көлігінің жүргізушісін тоқтатты.

«Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы оның борышкер екені белгілі болған. Subaru иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 40 миллион теңгеге жуық қарызы болған.

Бұған қоса, оған көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік айыппұл салынған. Жүргізушіге ескерту жасалып, автокөлігі қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Еске сала кетсек, жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында 5-29 ақпан аралығында қалада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Операция басталғаннан бері полицейлер 12 674 жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтаған. Оның ішінде 75 жүргізуші көлікті мас болып жүргізгені үшін ұсталды. 127 адамға төтенше жағдай туғызғаны үшін айыппұл салынса, 342-ден астам жүргізуші көлікті басқару кезінде тыйым салатын бағдаршамнан өтіп кеткен. Сондай-ақ оқиға орнынан қашып кеткен 336 жүргізуші ұсталған. 262 көлік коммуналдық тұраққа қойылып, 231 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама