Олар қауіпсіздік ережесін сақтамаған
СҚО Уәлиханов ауданында тұтас бір отбасы мүшелеріне иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД.
Оқыс оқиға 25 ақпанда 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылында болған. Онда жеке үйден көмірқышқыл газына уланған 32 жастағы әйел, оның 13 жастағы және 1 жасар баласы аудандық ауруханаға жеткізілген. Олар тиісті медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген.
Өрт сөндірушілер үйдегі пештің мұржасы жабылмайтынын анықтаған. Себебі пеш көптен бері тазаланбай, оған күл толып қалған. Салдарынан улы газ ішке тараған. Отбасы пешті дұрыс пайдаланбаған және қауіпсіздік ережесін сақтамаған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан 4 адамға иіс тиіп, уланған.