Halyq Uni логотип
×

Атырауда балабақшаны жарқанаттар мекендеп алған

Онда 40 жылға жуық уақыт жөндеу жүргізілмеген

 Еркеғали Болатұлы 26.02.2024 | 15:50
Атырауда балабақшаны жарқанаттар мекендеп алған
фото: дереккөз

Атырауда №48 «Родничок» мектепке дейінгі мекемесінен жарқанаттар шыққан. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналары дабыл қағып, шу шығарды, деп хабарлады Caspian news.

Балабақша директоры Лира Досалиева ғимарат өте ескі екенін, 40 жылға жуық уақыт жөндеу жүргізілмегенін айтты.

Ата-аналардың шағымынан кейін қалалық білім бөліміне хат жолдадық. Дезинфекцияны конкурсты жеңген жеке компания жүргізеді. Өткен демалыс күндері олар жарқанаттар табылған жертөледе залалсыздандыру жүргізді. Содан кейін басқа бөлмелер өңделді. Дүйсенбі күні балабақша жабылып, біздің қызметкерлер бөлмелерді тазалады. Біз міндетті түрде дезинфекцияны күшейтеміз, – деді Лира Досалиева.

Териолог Федор Сараев Атырау облысында жарқанаттың екі түрі мекендейтінін айтады. Біріншісі – көшпелі, екіншісі – бір орында мекендейтін жарқанат. Дегенмен олар ауылшаруашылығына зиян келтіретін жәндік, зиянкестермен күреседі.

Олар көбіне адамдар қорқытқан соң жаңа жер іздей бастайды. Өз еркімен далаға ұшпайды. Бізде жарқанаттар тобыры жоқ, сондықтан адамдар бірнешеуін кезіктіруі мүмкін. Егер адамдар қысқы ұйқыға кететін жарқанаттарды кездестірсе, оларға қол тигізбеуі керек. Сіз олардан құтылғыңыз келсе, онда қыстың алдында жарықтар мен шатырларды мұқият жабыңыз, – деді Федор Сараев.

Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Әбілсейіт Жалғасов тұрғындардың терезеден жарқанат кіріп кетті деген шағыммен жиі хабарласатынын айтады.

Мұндай жағдайларда біз оларды абайлап ұстап алып, далаға жібереміз. Өйткені олардан ешқандай зиян жоқ, – деді ол.

Құтқарушылардың айтуынша, былтыр оларға осындай мәселемен Атырау қаласының 20 тұрғыны жүгінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама