Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында әйел немере інілерін әкелерінің мұрасынан заңсыз айырған

Өңірде 22 сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 26.02.2024 | 15:21
Алматы облысында әйел немере інілерін әкелерінің мұрасынан заңсыз айырған
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында әйел немере інілерін әкелерінің мұрасынан заңсыз айырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, балалардың үйі және екі жер учаскесі түріндегі мұрасын алимент бойынша қарызы бар қайтыс болған борышкердің туған әпкесі заңсыз иемденген.

Әйел бұл заңсыз әрекетті балалардың қайтыс болған әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау жолымен жасаған.

Балалардың құқығын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында берілген облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүлік балаларға қайтарылды. Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша жинақталған іс құжаттары процестік шешім қабылдану үшін полиция органына жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Жалпы, алимент өндіріп алу жөніндегі жұмыс шеңберінде балалар алдындағы борыштардың болғанына қарамастан, сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді заңсыз тоқтатудың 50-ден астам фактісі анықталды.

Қабылданған шаралармен 22 сот орындаушысы жауапкершілікке тартылып, алимент төлеуді қайта бастау жолымен 50 баланың құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама