Қызылорда облысының бір ауылында 100-ден астам көпбалалы ана тұрады

Еркеғали Болатұлы

Сонымен қатар, ол елді мекенде қылмыс нөлдік деңгейде

фото: egemen.kz

Қызылорда облысындағы Еңбек елді мекені «Батыр аналар ауылы» деп аталады. Онда 100-ге жуық көпбалалы әйел тұрады. Бұл туралы 24KZ хабарлады.

Ауылда 2,5 мың тұрғын болса, оның 43-і – «Алтын алқа» және 54-і – «Күміс алқа» иесі. Сондай-ақ олар – дәстүр мен әдет-ғұрып сақтаушысы. Бұл ауыл жергілікті халық арасында «алтын аналар тұратын жер» деп аталады екен.

Менің құрдастарым Бәтима, Сабыттың 18 баласы болды. Барлығын жақсы азамат етіп өсірді. Үлкендері – қазір зейнеткер. Олардың балалары мен немерелері де көп балалы ана. Отбасында кемінде 9 баладан бар. Біздің ауылда мұндай әйелдер әрқашан құрметке ие. Біз әжелеріміз бен аналарымызды үлгі еттік, қазір жастар бізге қарап өсіп келеді, – дейді 11 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Тазагүл Қазыбекова.

Тіпті, ол ауылда «Батыр аналар» атты әжелер ансамблі де бар. Ол 35 жыл бұрын құрылған. Қазір шығармашылық ұжымда батыр аналардан құрылған вокалистердің үшінші буыны өнер көрсетіп жүр.

Трио, квартет, хор, домбыра және гитара. Біздің ансамбльді кез келген мерекеде қуанып күтіп алады. Репертуар кең, ал солистер өз ісіне жауапкершілікпен және махаббатпен қарайды. Бұрын біздің аналарымыз бен әжелеріміз егістіктерде де өнер көрсеткен. Фермерлер мен механизаторларға ән салып беріп, жақсы көңіл-күй сыйлаған. Енді біз олардың дәстүрін жалғастырамыз, – дейді ансамбл жетекшісі Алтын Мамадалиева.

Айта кетсек, Еңбек ауылы «алтын аналармен» ғана танымал емес. Сонымен қатар, онда қылмыс нөлдік деңгейде. Кейінгі 7 жылда бірде-бір құқықбұзушылық болмаған. Ауыл өркендеп жатыр, әр үйдің шағын балабақшасы бар.