Нарықта жаңа компаниялар жұмыс істейтін болады
Елордада қоқыстың уақытында шығарылмайтынын білемін. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл Астанада тиісті басқарма 4 мыңнан аса қоқыс контейнерін сатып алады. Мен жалпы қоқыс мәселесін білемін, аудандарда проблема бар. Қазір Clean city компаниясы жұмыс істеп жатыр. Онымен жұмыс істеу (келісімшарты) бітеді, - деді Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Сондай-ақ қала әкімі қоқысты уақытында шығару қашан шешілетінін жеткізді.
«Келесі айдан бастап 5 ауданда (қоқыс шығаратын) жаңа компаниялар жұмыс істейтін болады. Оларда қосымша техника мен контейнерлер болады. Біздің жоспарымыз бойынша 2-3 айдан кейін бұл мәселе (қоқысты уақытында шығару) толық шешіледі», - деді ол.