Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында металл қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Динара Амантай 26.02.2024 | 11:41
Қостанай облысында металл қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді.

Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды, – деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Күдікті қамауға алынды. Енді оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПД жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама