АҚШ мемлекеттік департаменті ата-аналарды «ана» және «әке» деп атауға тыйым салды
Жыл сайын кішкентай балалар тәрбиеленетін біржынысты отбасылардың саны артып келеді
АҚШ мемлекеттік департаменті ақпаннан бастап ресми құжаттамада «ана» мен «әке» сөздерін қолданбайды. Оның орнына құжаттарда «№1 ата-ана» және «№2 ата-ана» көрсетіледі, деп хабарлады rbc.ru.
Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік департамент мұндай қадамға баруын «әке», «ана» ұғымдарын пайдалана отырып бөлу заман талабына сай емес, ескірген түсінік екендігімен түсіндіреді.
Айта кетсек, АҚШ-та жыл сайын кішкентай балалар тәрбиеленетін біржынысты отбасылардың саны артып келеді.
АҚШ билігі қазір біржынысты отбасыларда тәрбиеленетін балалардың құжаттарында бірден екі әкесі немесе екі анасы болмайтынын атап өтті.