×

Атыраудың 300-ден астам мұнайшысы шетелде жұмыс істейтін болды

Жергілікті мұнай компанияларынан 6 мың адам босаған

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 15:43
фото: news.myseldon.com

Биыл Атырау облысының 300-ден астам тұрғынын алыс және жақын шетелге жұмыс істеуге жіберу көзделіп отыр. Оның дені мұнай-газ саласындағы жобаларда жұмыс істейді, деп хабарлады inform.kz.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 16 мың жұмыссыз тіркелген. Оның ішінде 6 мың адам жергілікті мұнай компанияларынан жұмыстан босаған. 

Басқарманың бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның айтуынша, биыл шетелден 250 маманға сұраныс түскен. Оның ішінде Ресейдің Амур өлкесіндегі мұнай комапниясы 69 маманды жұмысқа тартқалы отыр. 

Атырауда жұмысшыларды шетелдерге дайындайтын компания менеджері Олжас Сұлтановтың айтуынша, былтыр халықаралық жобаларға қатысу үшін 250 мың адам өтініш берген. Оның ішінде 200 маман халықаралық жобаларда жұмыс істеуге жіберіліпті. Бес маман Қатарда әлі жұмыс істеп жүр. Енді жергілікті мамандардан жаңа топ жасақталып жатыр. Компания оларды мамандығына байланысты іріктеп, құжаттарын толтыруға көмектеседі.

Қазір 80 адамды Қатарда жұмыс істеуге жіберуге дайындап жатырмыз. Екі елдің арасындағы әріптестіктің нәтижесінде қазақстандық жұмысшыларға арналған жеңілдіктер бар. Бұл қазақстандық мамандарға еңбек нарығының жаңа кеңістігін ашты, – дейді Олжас Сұлтанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама