×

Астанада әйел есігін жаппай жүріп бара жатқан автобустан құлап кетті (ВИДЕО)

Бұл жағдай №20 бағыттағы автобуста болған

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 12:30
фото: City01.kz

Елорда тұрғыны жүріп келе жатқан автобустың ашық есігінен сыртқа ұшып түсті. Қалалық ПД баспасөз қызметі көлік жүргізушісінің жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға биыл 25 қаңтарда Қаныш Сәтбаев көшесінде болған.

Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отырғанына көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол берген. Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

CTS баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай №20 бағыттағы автобуста болған.

Әйел полицияға арызданған. Автобус жүргізушісі материалдық көмек көрсетті. Содан кейін жәбірленуші шағымы жоқ екендігі туралы жазбаша қолхат берді. 25 қаңтарда жолаушының құлап, жарақат алу фактісі полицияға тіркелмеді, - деді компания өкілдері.

Жолаушының маршруттық автобустан құлауы фактісі бойынша «№1 автобус паркі» ЖШС комиссиясы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізіп, жүргізушіге қатысты тәртіптік шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама