Бала оқиға орнында қаза тапқан
Жетісу облысы Ескелді аудандық сотында жасөспірімді көлікпен қағы, абайсызда өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сотпен анықталғандай, былтыр 2 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында Ескелді ауданы Биғаш ауылының Боранбаев көшесінде автокөлікті басқарған сотталушы сол сәтте көшені кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарынан жасөспірім сол жерде қайтыс болған.
Сотта сотталушы кінәсін толық мойындаған және өкінген, анасы мен әкесі (жәбірленуші) оны кешіріп, моральдық және материалдық зиян толығымен өтелгенін, сотталушыға ешқандай талап қойматынын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және кінәсін толық мойындауын, жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруын, сотталушының асырауында бес кәмелетке толмаған баланың болуын, оның үшеуі кәмелетке толмағанын, олар үшін ол жалғыз асыраушы болып табылатынын, жаза тағайындау туралы тиісті өтініш түскен жәбірленушілердің ұстанымдарын ескеріп және бас бостандығынан айыруға байланысты емес сот ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, Б.-ны Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.