6 борышкерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр
Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады. Олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.
Мысалы, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз болған жағдайда бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен бүгінде 31 құмар ойнына салынғандар 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеді, – делінген прокуратура хабарламасында.
6 борышкерге қатысты алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.
Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасады.