Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында соңғы екі айда коронавирус жұқтырғандар көбейген

Аурудың белгілері жедел респираторлық-вирустық инфекцияның белгілеріне тән

 Еркеғали Болатұлы 23.02.2024 | 16:29
Қарағанды облысында соңғы екі айда коронавирус жұқтырғандар көбейген
фото: © AFP

Қарағанды облысында қаңтар айының басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырған. Соның 32-сі осы ақпанда тіркеліп отыр.

Алайда бұл – былтырғы бастапқы 2 аймен салыстырғанда, 10 есеге төмен көрсеткіш. Былтыр қаңтар-ақпан айларында коронавирус жұқтырғандар саны 600-ден асып кеткен.

Қазір ел арасында инфекцияның 2 штамы жүріп жатыр. Олардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. ДДСҰ мәліметінше, соңғы аптада әлемде 360 мың адам ауырып, 2 мыңы қайтыс болған. Сондықтан сақтанған жөн дейді мамандар.

Жаңа штамдардың қаншалықты қауіпті екені белгісіз. Аурудың белгілері жедел респираторлық-вирустық инфекцияның белгілеріне тән. Тұмау сияқты басқа инфекцияларға ұқсас. Сондықтан диагнозды дәл анықтау үшін сіздерде тек зертханалық тексеру арқылы дәл анықтауға мүмкіндік болады, - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жанна Рәшитова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама