×

Балқашта оқушылар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестен өткен

Бұл ұйым – агрессивті жастар тобы және олар қоғамға қауіп төндіреді

 Динара Амантай 23.02.2024 | 15:50
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестен өткен. Бұл ұйым – агрессивті жастар тобы және олар қоғамға қауіп төндіреді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама