×

«Қазақконцерт» әртісі 800 адамның арасында алтын медальді жеңіп алды

Аққанат Смағұлова Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша жалғыз өзі өнер көрсетуге мүмкіндік алды

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2024 | 10:22
Фото: qazaqconcert.kz

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова Германияда өткен TANZOLYMP атты халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлады qazaqconcert.kz.

Аққанат Смағұлова сахнада Анвара Садықова ұсынған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты билерді билеп шықты. Байқауға 800-ден астам өнерпаз қатысып, бақ сынады. 34 адам іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Аққанат Смағұлова Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша жалғыз өзі өнер көрсетуге мүмкіндік алды, – делінген хабарламада.

TANZOLYMP фестиваль-байқауы – жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық сайыстың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама