×

Солтүстік пен шығыста ауа сапасы нашарлайды

Қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады

 Дәурен Ерболат 23.02.2024 | 09:05
Фото: yk.kz

Бүгін еліміздің солтүстігінде ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

23 ақпанда Қазақстандағы қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Астана, Алматы және Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен, күндіз Қарағанды, Теміртауда ауа сапасы біршама нашарлайды, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндайда елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама