Қазақстаннан кеткісі келмеген Ауғанстан азаматтары ұсталды
Іс сотқа жіберілді
Полиция Ақтөбе облысы ҰҚКД шекара қызметімен бірлесіп, елде заңсыз жүрген Ауғанстан Ислам Республикасының 6 азаматын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Олардың үшеуі Қазақстанда көші-қон заңын бұзып, виза мерзімі өтсе де елден кетпеген. Тексеру кезінде шетелдіктердің елімізге 2023 жылғы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік визамен келгені анықталды. Заңды болу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы адам оларды елден шығару бойынша шаралар қабылдамаған. Сондай-ақ шетелдіктердің өздері Қазақстаннан өз бетінше кетпеген, - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін іс сотқа жіберілді.