Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында ветеринарлар жауапқа тартылды

Мемлекеттік органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді

 Динара Амантай 22.02.2024 | 16:49
Қостанай облысында ветеринарлар жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Алтынсарин ауданының прокуратурасы Ветеринариялық станциясының қызметін тексеру барысында ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Анықталғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М. Хакимжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық шаралар өткізбеген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде аталған елді мекендердің ветеринарларына 369 мың 200 теңге айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама