Олар жалақы көтеруді талап еткен болатын
Маңғыстау облысында жұмысқа шығудан бас тартқан «Зевс Энерго» компаниясының өрт сөндірушілері қызметіне қайта кірісті, деп хабарлады lada.kz.
Бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілерінің барлық өртке қарсы бекеті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мәселені шешу үшін жергілікті мемлекеттік органдардың, өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Зевс Энерго» ЖШС-нің өкілдерімен тиісті келіссөздер өткізілді. Нәтижесінде өрт сөндірушілердің талабы ішінара қанағаттарылды. Компания басқа ақпаратты жарияламады.
Қажет болған жағдайда еңбек дауын болдырмау және туындаған мәселені уақытында шешу үшін мемлекеттік мекемелердің, өңірлік кәсіподақтар бірлестігінің және басқа да мүдделі адамдармен бірлескен қосымша кездесулер өткізіледі, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында өрт сөндірушілер жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді.