Павлодар облысында жоғалған 72 жылқы табылды
«Рамазан» шаруа қожалығының басшысы малдарын аяз бен боранда өз бетінше іздеп көрген
Павлодар облысында полиция қызметкерлері мал шаруашылығымен айналысатын адамның жоғалтқан 72 жылқысын тауып берді.
Толығырақ айтқанда, Ақтоғай ауданының Барлыбай ауылындағы «Рамазан» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазанов атты азамат жылқыларын аяз бен боранда жоғалтып алған. Содан кейін малын өз бетінше іздеп көрген. Бірақ одан ештеңе шықпаған. Сол кезде ол Ақтоғай ауданының полициясына хабарласып, көмектесуін өтінген.
Полиция басқармасының бастығы Жандос Айтмұхамбетов бұл өтінішке дереу жауап беріп, жылқыларды ізеуге кірісіп, қарамағындағы тәртіп сақшыларына тапсырма берген.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, жоғалған малды іздеуге жергілікті учаскелік инспекторлар Тұрсынғали Ибраев пен Нұрболат Исаев көмектескен. Олар жақын маңдағы жерлер мен жолдарды мұқият зерттеді. Жылқыларды барлық жерден іздеп, тауып берді. Малы табылған шаруа қожалығының басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына хат жазып, алғысын айтты.
Менің атымнан тәртіп сақшыларына, атап айтқанда, Ақтоғай ауданы полиция бөлімінің бастығы Жандос Айтмұхамбетовке, учаскелік полиция қызметкерлері Тұрсынғали Ибраев пен Нұрболат Исаевқа алғысымды білдіріп, оларды қызметте көтермелеуіңізді сұраймын, – деді ол хатта.
«Рамазан» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазановтың 72 жылқысының қалай жоғалғаны туралы басқа мәлімет жоқ. Өзі жылқыларын аяз бен боранда ығып кетеуі мүмкін дейді.