×

Жиналыста бейәдеп сөз айтқан депутатқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

Алматы қаласының полициясы оны «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартты

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 14:50
фото: видеодан скриншот

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке кешегі өткен мәслихат отырысында бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл салынды.

Мен полиция бөліміне келдім, түсіндірме хат жаздым. Олар мені 434-бап («Ұсақ бұзақылық») бойынша жауапқа тартты. Қателік жасағанымыз үшін жеке жауапты болуымыз керек. Бұл әркімнің заң алдында бірдей екенін көрсетеді, - деді депутат Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше оның баяндамасы Алматы қаласының ветеринариялық қызметін қоршаған ортаны қорғау департаментіне беру мәселесіне арналған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама