×

Таразда алаяқ шетелдікті 5 млн теңгеге алдап кеткен

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 22.02.2024 | 12:32
Фото: Halyq Uni

Таразда полицейлер шетелдікті 5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері шетел азаматына 12 мың 600 долларға пияз тұқымын жеткізуге уәде берген Тараз қаласының тұрғынын анықтады. Болған оқиға туралы полицияға шет мемлекеттің азаматы хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, бір адам 420 келі пияз тұқымын жеткізу сылтауымен сенімге кіріп, алдау арқылы оның ақшасын иемденіп алып, келісімшартты орындамаған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазір істі егжей-тегжейлі анықтау үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда өте қырағы және сақ болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама