×

Атырау облысында 3 қой ұрлаған тұрғын сотталып кетті

ҚР ҚК санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 11:55
фото: дереккөз

Атырау облысында 3 қой ұрлаған құлсарылық 5 жылға сотталды. Бұл туралы AtyrauPress Жылыой аудандық сотына сілтеме жасап хабарлады.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған Л.К.-ге қатысты қылмыстық іс (ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) қаралды.

2023 жылдың желтоқсан айында Л.К. көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, азамат Е.Р.-ға арзан бағаға сатқан.

ҚР ҚК санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама