Halyq Uni логотип
×

СҚО мектептеріндегі буллинг фактісі бір жылда 72% артқан

Мұғалімдер біле тұра тәртіп бұзушылыққа көз жұма қараған

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 10:28
СҚО мектептеріндегі буллинг фактісі бір жылда 72% артқан
фото: 9111.ru

Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде көптеген буллинг фактілері анықталды. Сонымен қатар облыстық прокуратура ұрлық, бопсалау мен бұзақылық деректері бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Бір жыл ішінде балалар арасындағы тәртіп бұзушылық 72% өскен. Ол мектеп қабырғасында ғана емес, сабақтан тыс кезде де жасалған. Ал мұғалімдер біле тұра тәртіп бұзушылыққа көз жұма қараған дейді бақылау органы.

Прокуратурада кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау бойынша құрылған мобильдік топтар мектеп әкімшілігі жасырып қалған 8 буллинг фактісін анықтаған. Қазір сол бойынша тексеру жүріп жатыр.

Сыныптастар арасында дене жарақатын салу жүйелі болып тұрған деп ойлаймыз. Себебі бұл кенет бола қоятын жағдай емес. Сонымен қатар оқушылардың информатика кабинеттерінде зорлықты насихаттап, есірткі мен қару жасауға үйрететін тыйым салынған сайттарға кіру мүмкіндігі болған, – деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Прокурорлардың мәліметінше, мұндай жағдайда оқу орындары тәртіптік қана емес, әкімшілік жауапқа да тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама