×

Қостанайда жоғалған телефонды тауып алған жігіт қамауда отыр

Осы қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

 Еркеғали Болатұлы 21.02.2024 | 14:57
фото: aktobeinfo.kz

Қостанай қаласында бөтен біреудің ұялы телефонын тауып алған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Полицияға телефонын жоғалтып алған әйел арызданған. Айтуынша, ұялы телефонын жоғалтып алғаннан кейін банк картасындағы ақшасы азайып кетіпті. Сөйтсе, телефонды тауып алған жас жігіт интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 378 мың теңгені аударып алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсын мойындады. Қазір ақпараттық жүйені пайдалана отырып, алаяқтық жасау бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетсек, осы қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі де тәркіленеді.

Полицейлер телефонға міндетті түрде Face ID, ал мобильді косымшаларға кұпия сөзді орнату қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама