Құдықтың ішіндегі судың биіктігі – 60-70 сантиметр
Бүгін Қостанай қаласының Әуежай шағын ауданында 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу барды. Оларға бейтаныс адам да көмектесті. Құдықтың ішіндегі судың биіктігі – 60-70 сантиметр.
Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына берді.
ТЖМ ата-аналарды сергек болуға және балалармен сақтық шараларын сақтауға шақырады.