Сарыағашта өз үйінде жеке сабақ өткізген «діни ұстаз» оқушыларды ұрып-соққан
Ол ҚМДБ мен білім басқармасынан ешқандай рұқсат алмаған
Түркістан облысында мұғалім балаларға қол көтерді, деп хабарлады Press.kz.
Сарыағаш қаласындағы дінтану сабағынан беретін мұғалімінің үстінен арыз түскен. Ол өз пәтерінде жеке сабақтар өткізіп келген. Алайда діни сипатта білім берген ер адам ҚМДБ мен білім басқармасынан ешқандай рұқсат алмаған.
39 жастағы «діни ұстаз» жұмысы үшін әр ата-анадан айына 20 мың теңгеден алып отырыпты. Ал ондағы 19 бала антисанитарлық жағдайда өмір сүрген. Тіпті, оларға дұрыс оқымағаны үшін қол көтеретін де көрінеді.
Зардап шеккен балалардың бірі меңгермеген тақырыбы үшін бірнеше апта бойы үздіксіз соққыға жығылғанын айтып, шағымданған. Денесінде қатты соққының белгілері де бар.
Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.