Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында нәресте жолда үсіп қала жаздады

Автокөліктің жүргізушісі сәбиді анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанда қалың қарға кептеліп қалған

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2024 | 12:04
Павлодар облысында нәресте жолда үсіп қала жаздады
Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті

Павлодар облысында перзентханадан шыққан нәресте жолда үсіп қала жаздады. Жаңа туған сәбидің анасы лимузинмен аязда жолда тұрып қалған. Осы кезде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов патрульдеу кезінде қар құрсауында қалған лимузинді көріп, көмекке келген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автокөліктің жүргізушісі нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанда қалың қарға кептеліп қалғанын айтқан.

Учаскелік инспектор көлікті арқанмен қардан шығарып алып, үйіне дейін апарды.  

Нәресте мен оның анасына ешқандай зақым келмеген. Олар аман-есен үйіне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама