×

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған адамдар табылды

Тракторшы мен шопан жылқыларды іздеуге шығып, қайтып оралмаған еді

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2024 | 11:53
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

21 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылы маңында төтенше жағдайлар департаменті, полиция бөлімі, ЖАО және жергілікті халық 1976 жылы туған тракторшы мен 1969 жылғы шопанды іздеп, оларды Сарағырт ауылының маңынан тапты.

Жоғалған азаматтар 20 ақпанда трактормен жылқыларды іздеуге шығып, қайтып оралмаған еді.

Бүгін таңертең жоғалған тракторшы мен шопан Сарағырт ауылының маңынан табылды. Оларды ТЖД қызметкерлері қар-батпақта жүргіш Трэкол көлігімен іздеп тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама