Қазір ұсталған азамат өз еліне жіберілді
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында анықтаған. Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдіктің ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.
Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған. ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.
Қазір ұсталған азамат өз еліне жіберілді.