×

Мектеп директорының орынбасары жұмыс уақытында кабинетте арақ ішкен (ВИДЕО)

Ол есікті ішінен іліп алған

 Еркеғали Болатұлы 21.02.2024 | 10:05
фото: depositphotos.com

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан мектеп гимназиясынан шулы видео тарады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп директоры орынбасарын ұстап берген. Бұл ретте орынбасар өз сабағына кірмеген. Директор әріптестерімен бірге оның кабинетіне барады. Алайда ол есікті ішінен іліп алған. Директор учаскелік полицияға жүгінетінін айтып, есікті ашқызған.

Сол сәтте директор орынбасарының өз сыныптастарымен бірге ішімдік ішкені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама