Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болды

Халық үні

Оқиға Семей стансасында болған

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Семей стансасында жолаушылар пойызында белгісіз біреу жолаушыны зорламақ болды. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша тіркелді. 

Бұл іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді, - делінген көліктегі полицияның хабарламасында.

«Зорлауға оқталу» туралы бапта кінәліні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазір тергеу жүріп жатыр.