Атырауда өртенген үйден қарияның денесі табылды
Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Дәурен Ерболат
20.02.2024 | 16:59
Атырауда жер үй өртеніп, ер адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Қайғылы оқиға 19 ақпанда қаладағы Жерұйық шағын ауданында болған.
2 қабатты жер үйдің бірінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 70 жастағы ер адамның денесін тапты. Олар жалынның өршуіне жол бермеген, - деп жазылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.