Halyq Uni логотип
×

Астанада екі әйел мас болып, дүкеннің заттарын қиратқан

Шағын маркеттің мүлкін сындырған адам қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 20.02.2024 | 16:18
Астанада екі әйел мас болып, дүкеннің заттарын қиратқан
Фото: Halyq Uni

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы болып жатыр. Осы іс-шара кезінде мас болып, бірнеше дүкеннің заттарын қиратқан адамдар ұсталды. Соның екеуі – әйел болса, біреуі – ер адам.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қаңтарда сағат 02:50-де «Кинг Отель» қонақ үйінде бір ер-азамат ішімдік ішіп, бөлменің есігін тепкілеп, мүлкіне зақым келтірген. Материалдық шығын 80 мың теңге болған. Ол 5 күнге қамауға алынды.

20 қаңтарда сағат 02:30-да Керей-Жәнібек хандар, 12/1 мекенжайындағы шағынмаркетте 28 жастағы әйел мас болып, жанжал шығарған. Ол сатушымен сөзге келіп, оны балағаттап, дүкеннің жабдықтары мен тауарларын сындырған. Осы ісі үшін әйелге 20 АЕК (69 мың теңге) айыппұл салынды.

Дәл осындай оқиға 4 ақпанда сағат 12:30 шамасында Потанин көшесінде орналасқан №3 үйде болған. 1999 жылы туған келіншек мас болып, «Шербет» дәмханасының жарнамалық белгісін зақымдап, 100 мың теңге шығын келтірген. Әйел 5 күнге қамауға алынды.

«Тоқта, вандал» акциясы кезінде қала тұрғындары мен қонақтардың заң бұзушылықтарына қатысты істер полиция департаментіне жолданып жатыр.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі. Сол сияқты, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама