Ол екі елдің паспортымен жүрген
Қызылорда полицейлері қос азаматтық алған ресейлік азаматты анықтады.
Polisia.kz-тің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот шешімі бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды.
Қос азаматтығы бар бір адам анықталып, оған қатысты тиісті шара қабылданды. Мәселен, Қызылорда қаласы көші-қон бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзған құқық бұзушыны анықтады. Ресей Федерациясынан келген 40 жастағы әйелге қатысты ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен бұл әйел 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтін болды.