×

Қостанай облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 20.02.2024 | 12:55
Фото: Қостанай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай облысында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін Қостанай облысының Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр екі газ баллонын шығарды. Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама