Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында браконьерлер тобы ұсталды

Мемлекетке 17 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген

 Динара Амантай 20.02.2024 | 11:02
Алматы облысында браконьерлер тобы ұсталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында 11 адамнан тұратын браконьер тобы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұл топ Іле өңіріндегі Сорбұлақ көлінде балық ұстаған. Топтың құрамында 21 мен 45 жас аралығындағы 11 адам болды.

Олардың Қытай өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болды. Браконьерлерден 3 тоннаға жуық сазан балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болған және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату іске асырылған. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілгені анықталды.

Қазір істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі, – деп түйіндеді сөзін Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама