Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған
Түркістан облысында полиция өзіне қол салмақ болған қызды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.
102 пультіне жасөспірімнің көпірден секірмек болғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына Ерғазы Жүнісов, Марат Әуезов, Бахром Хашимов атты учаскелік полиция инспекторлары шұғыл жеткен.
Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары қызбен сөйлескен. Содан кейін полицейлердің бірі ұтымды сәтті пайдаланып, 9-сынып оқушысын ұстап алып, қауіпсіз жерге апарған.
Жасөспірім мұндай әрекетке әкесімен ұрсысып қалғаннан барған. Айтуынша, әкесі оның ұялы телефонын тартып алыпты.
Қызының аман қалғанына қуанған әке тәртіп сақшыларына алғыс айтты.