×

Жоғалған балықшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)

Ол үйіне оралмаған

 Дәурен Ерболат 19.02.2024 | 16:25
Скрин видео

Павлодар облысында жоғалған балықшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлады облыстық ТЖД.

19 ақпанда Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған ер адам жоғалып кетті. Ол қарда жүретін көлікке отырып, балық аулауға шыққан. Алайда үйіне оралмаған, - деп жазылған хабарламада.

Балықшыны іздеуге ТЖМ-ның тікұшағы, құтқарушылар, кинологтар мен полиция, жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 шақырым жерден жоғалған ер адамның денесі табылды, – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама