×

Алматы облысында кәсіпкерлер алкогольді заңсыз сатқан

Алкогольді сатуға лицензияны электронды форматта eGov порталы арқылы алуға болады

 Динара Амантай 19.02.2024 | 13:28
Фото: s.gorodche.ru

Алматы облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында рұқсат қағазсыз алкогольдік өнімдерді сатып, салық төлеуден жалтарған 117 жосықсыз кәсіпкер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қадағалау органының бастамасы бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 463-бабы («Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей, әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 9 мыңнан астам бөтелке түрлі алкогольдік өнім тәркіленіп, жойылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабы бойынша, техникалық регламенттердің тиісті талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін сәйкестік сертификаттарынсыз (және белгілерінсіз) сатуға тыйым салынады.

Алкогольді сатуға лицензияны электронды форматта eGov порталы арқылы алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама