Әйелі оның ем-домына қажет дәрі-дәрмекті алу үшін 3 жерде жұмыс істеуге мәжбүр
Бұл туралы ол «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
Айта кетсек, Ернар Бекішевтің жүрегі 5 жылдан бері батарейкамен ғана жұмыс істеп келеді. Ол жүрегін ауыстырғысы келеді. Бірақ донор жоқ.
Десек те Ернар Бекішев өмірдің сынағына сынбай келеді. Оның әйелі күйеуінің ем-домына қажет дәрі-дәрмекті алу үшін 3 жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Бүкіл отбасының ішіп-жемі де соның мойнында.
Қазақстандықтар, донор болуға келісім беріңіздерші! Мен сіздердің көмектеріңізге зәрумін. Міне, мынадай аппаратпен өмір сүріп келемін. Жаңа жүрек салдырып, зайыбым мен балаларыммен бақытты өмір сүргім келеді. Өкінішке қарай, қоғамда қайтыс болғаннан кейін ағзасын беруге көп адам келісім бере қоймайды. Дегенмен, үмітім бар! – дейді Ернар Бекішев.
Нақты айтқанда, бұл кейіпкеріміз қаржылай қолдауға зәру. Алатын дәрі-дәрмегі де қымбат. Оның үстіне, бұл отбасы Семейден 1,5 жыл бұрын ғана көшіп келген.
Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.