Қазақстан православие шіркеуінің басшысы полицейлерге алғыс хат жіберді
Қостанайда полиция қызметкерлері шіркеуден 1,2 млн теңгенің затын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биылғы қаңтарда күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгенің 2 қола крестін, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткен. Ұрлық жасағаны үшін ол 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.
Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Полицейлерге Қазақстан православие шіркеуі басшысының алғыс хаты табысталды.