Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқиға орнына дереу облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жөнелтілді.
Өрт сағат 06:55-те оқшауланып, сағат 08:18-де жойылды. Үйіндіні тазалау барысында өрт орнынан 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды, – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.