Қарағандының тергеу соты оны 2 айға қамауға алды
Қарағандының бұрынғы әкімі Шәймерден Оразалиновтың жесірін өз ұлы ұрып-соққан. Бұл туралы Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасы жазды.
Ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырып, ішкі мүшелерін зақымдаған.
Таяқ жеген қарт ұлына зиян тигізбеу үшін жедел жәрдем шақыруға қорқып, екі күн бойы үйде жатқан. Бірақ дәрігерді үшінші күні оның ауыр халін көрген көршілер шақырған. Әйелдің жағдайын көрген дәрігерлер полицияға хабарласып, полиция қызметкерлері оның ұлын ұстады. Жауап алу кезінде ол проблемаларға байланысты жүйкесі жұқарғанын, сол себепті анасына ренжігенін айтқан.
Қарағандының тергеу соты қазір марқұм Оразалиновтың ұлын 2 айға қамауға алды.
Айта кетсек, Шаймерден Оразалинов – көрнекті саяси қайраткер. Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарып, Мәжілістің екінші және үшінші шақырылымдарының депутаты да болған. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы. Ол 2019 жылы 30 сәуірде 77 жасында дүниеден өтті.