×

Қарағанды облысында адасып кеткен ер адам табылды

Жоғалған азамат қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін қыстауға жаяу барған

 Дастан Жұмабекұлы 18.02.2024 | 11:36
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағанды облысының Нұра ауданында адасып кеткен ер адам табылды. Оны құтқарушылар таңертең сағат 10:00-ге қарай қыстаудан іздеп тапты.

Ер адамға медициналық көмекті қажет етпейді. Біз оны қыстауда жылынып отырған жерінен таптық, – деді бір топ құтқарушы.

Жоғалған азаматты іздеген адамдарды да атап өткеніміз жөн. Олар – Марат Әбілдинов, Александр Вицо, Раис Алиев, Қанат Ғұсманов, Константин Халле, Елдос Кеңесов, Қуандық Дүйсенбай, Сергей Шестюк, Ерболат Бижан.

Міне, осы азаматтар 17 ақпанда жоғалған ер адамның туыстарының айтуы бойынша келесі күні сағат 07.30-да ТРЕКОЛ көлігімен қыстауға жолға шығып, оны іздеп тапты.

Ер адам Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстақта болған. Құтқарушылар қыстауға барғанда жоғалған адам қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін осы жерге жаяу жеткенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама