Шымкент хостелдерінде бұзушылықтар анықталды
18 нысанға тексеру жүргізілді
Шымкент қаласының ТЖ департаментімен 18 хостелде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде бұзушылықтарға жол берген азаматтар әкімшілік жауапкершелікке тартылды. Оларға бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетілген ұйғарым ұсынылды.
Қалған 2 субъектіге тексеру жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Тексеру барысында нысаналық мақсатқа сай емес 6 нысан бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат жолданды.