×

Абай облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

Бұған ауа райының бұзылуы себеп болған

 Халық үні 17.02.2024 | 13:19
Фото: Polisia.kz

Абай облысы Көкпекті ауданында ауа райының бұзылуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімінде.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама