×

Көкшетауда пеш қазандығы жарылып, бір бала ауруханаға түсті

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

 Халық үні 17.02.2024 | 13:06
Фото: Halyq Uni

Көкшетау қаласында жер үйде пеш қазандығы жарылып, бір бала ауруханаға түсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 16 ақпан сағат 23.20-да болған.

Ресми ақпарат бойынша, Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйде айналым сорғысының ақауы салдарынан қатты отынмен жанатын пештің қазандығы жарылған. Әрі қарай өртке ұласпаған, конструкциясы бұзылмаған.

Төтенше жағдайға өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама