×

Алматыда қоймада шыққан өртті 104 адам сөндіріп жатыр

Сағат 12:28-де өрт оқшауланды

 Халық үні 17.02.2024 | 12:40
Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматыда базар аумағындағы қоймада шыққан өрт сағат 12:28-де оқшауланды.

Кейінгі ақпарат бойынша, өртті сөндіруге 104 адам мен 29 техника жұмылдырылған.

Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағын ауданында жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған.

Сағат 11:31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны шығарылды.

Қоймада өртті сөндіру жұмыстарын жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) болуы қиындатып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама